Жұмыс тобына Премьер-Министрдің орынбасары Е.Досаев басшылық етеді. Оның құрамы «Нұр Отан» партиясының, әлеуметтік-экономикалық блок, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ішкі істер министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұрады.
Жұмыс тобы екі ай ішінде Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.
Комиссия жұмысына бейінді ҮЕҰ, сарапшылар мен жұртшылық өкілдері тартылады.