Отырыс барысында еліміздің тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету шаралары қаралды.
Отырысқа Комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Шараға бейнеконференция байланысы арқылы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің орынбасарлары, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің басшылары қатысты.
Премьер-Министрдің биыл 5 ақпанда Үкіметтің отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері республикалық және өңірлік деңгейлерде өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі штабтар құру жұмыстарын бастады.
Жылыту кезеңінің соңына дейін тұрғын үй секторындағы өрттерді болдырмау бойынша алдын алу іс-шараларын іске асыру жұмыстары жалғасады. Бұдан бөзге, күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі саласындағы білімі бар азаматтардың санын арттыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының сапасын жақсарту бойынша қосымша шараларды іске асыру жоспарланып отыр.