Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

Жымпитыда «Алла» деген жазуы бар ала қозы туды

1829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында бүйірінде «Алла» деген жазуы бар қозы туды» деп хабарлайды сол аудандағы әріптесіміз Бауыржан Ширмединұлы.

Жымпитыда «Алла» деген жазуы бар ала қозы туды

Қазір ауылдағы ағайынның қорасында ерте саулықтар төлдей бастады. Сырым ауданындағы Бұлан ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында 28 қаңтар күні қоздаған саулықтардың бірінің төлі ерекше екенін мал иесі Медет Санақұлы байқапты.

- Төлді жылы жерге бөліп жүріп қозының бүйіріне көзім түсті. Араб жазуын шырамыттым. Университетте оқып жүргенде араб әріптерін үйреніп едім. Анығын білмек болып, қозының суретін достарыма жібердім. – дейді Медет Садықов.

Әлеуметтік желі арқылы тараған суретті көрген алматылық дін қызметкері, бұрын Сырым аудандық мешіттің имамы болған Бақытжан Құралбайұлы қозының бүйіріндегі таңба «Алла» деген жазуға ұқсайтынын, ал Сарыағаш медресесінің ұстазы Оразбек Жамбылұлы жазудың араб жазуымен 80 пайызға сәйкесетінін айтқан.

- Осындай мысалдар арқылы Алла өзінің бар екенін есімізге салуда, – деп санайды Сырым аудандық мешітінің наиб имамы Жасқанат Ерсайынов. Ол оқиға болған Жамбыл ауылына барып, нысаналы қозыны көзімен көріп қайтқан екен.

Суретті түсірген Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан