Аймақтар • 07 Ақпан, 2019

Солтүстік Қазақстанда үсікке шалдыққандар арасында қаңғыбастар көп

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпанның ақырған аязын елемеген адамдар суыққа ұрынып, оның ақыры қайғылы оқиғаларға ұласуда.

Солтүстік Қазақстанда  үсікке шалдыққандар арасында қаңғыбастар көп

Олардың қатарында үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген жүрген қаңғыбастар мен маскүнемдердің қарасы мол. Соңғы үш күнде  жеті  адам үсікке шалынып, жедел жәрдем көрсетілген. Жыл басынан бері ауруханаларға үсік шалған  32 адам  әкелінсе, жартысына жуығы төсекке таңылған.

«Қол-аяғын  үсітіп алған бір азаматқа ота жасауға тура келді. Айдалада қалай қалғанын өзі білмейді.Мұның бәрі  салғырттықтың салдары.  Адамдардың дер кезінде айтылған ескертулерге құлақ аса бермейтіні  осындай қайғылы  жағдайларға соқтырады», дейді дәрігерлер.

Қазгидромет жергілікті филиалы мамандарының болжамына қарағанда саршұнақ аяздың біразға дейін сақталатын түрі бар. Сондықтан «сақтансаң, сақтайды» деген аталы сөзді ескеру еш артықтық етпейді.

Қызылжар өңірінде  aқпaн aйындa ең суық күн 1951 жылдың 17 aқпанында тіркелген.  Сынaп бaғанaсы - 43 грaдусқa дейін төмендеген.  Ал 1963 жылдың 23 aқпанында aуа темперaтурасы төрт градусқa дейін жылынғaн.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы