08 Ақпан, 2019

Бүгін бірқатар облыста қатты аяз болады

490 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жұма күні Қазақстанның бірқатар облыстарында жауын-шашын және қатты аяз күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

Бүгін бірқатар облыста қатты аяз болады

Фотоны түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

«Фронталдық бөліктердің өтуіне орай Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, батысында, солтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде жауын-шашынды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -35-37, күндіз -20-22.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -5-7.
Шымкентте бұлтты, 2-6 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +4+6 , түнде -6-8.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 25 м/с, кей жерлерде бұрқасын, түнде қатты аяз болады. Ауа температурасы күндіз -18-23, түнде -31-36.

Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -2+3, түнде 0-5.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел тұрады, жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы күндіз 0-5, түнде -2-7.

Ақтөбе облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -12-17. 

Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде тұман. Күндіз -10-15, түнде -30-35.

Ақмола облысында күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде қатты аяз болады. Күндіз -20-25, түнде -35-40.

Түркістан облысында кей жерлерде түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады, тұман. Ауа температурасы күндіз +2+7, түнде -5-10. 

Маңғыстау облысында кей жерлерде түнде және ертеңгісін 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +2+7, түнде 0+5. 

Алматы облысында кей жерлерде тұман, түнде қатты аяз болады. Күндіз -13-18, түнде -23-28. 

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман. Күндіз -2-7, түнде -15-10.

Жамбыл облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде-тұман. Ауа температурасы күндіз -1-6, түнде -8-13.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -23-28, түнде -33-38. 

Шығыс Қазақстан облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, түнде қатты аяз. Күндіз -25-30, түнде -37-42. 

Қарағанды облысында кей жерлерде қатты аяз болады. Күндіз -18-23 (оңтүстігінде -16), түнде -28-33 (оңтүстігінде -24). 

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы тау маңы өзендерінде мұз қату құбылысы ары қарай күшеюі және су деңгейінің құбылуы күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді » деді синоптиктер.