Қазақстан • 11 Ақпан, 2019

Қазақстанда көлік жасау өнеркәсібі бір жылда 80%-ға өскен

1396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандықтар сатып алған әрбір екінші автомобиль Қазақстанда жасалған деп хабарлайды Energy Prom.

Қазақстанда көлік жасау өнеркәсібі бір жылда 80%-ға өскен

Өткен жылдың қорытындысы бойынша автопром 30 мың көлік шығарған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 78,8%-ға көп. Машина жасау саласында Шығыс Қазақстан облысы алдыңғы орында (60,8%). Бұл өңірде осы жылы 18,3 мың автокөлік жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 59,9%-ға көп. Еліміздегі екі үлкен машина орталығының бірі Өскеменде орналасқан. Ол – АО «Азия Авто. Зауыттың серіктестерінің қатарында әлемдегі машина жасау саласындағы үздіктер: Volkswagen Group, General Motors, Renault-Nissan-АвтоВАЗ и KIA Motors. На мощностях «Азия Авто» выпускаются автомобили марок LADA (Granta, Vesta, Xray, Largus, Kalina, 4×4), ŠKODA (Octavia, Rapid, Superb, Yeti, Kodiaq), Chevrolet (Aveo, Captiva, Cruze, Tracker), KIA (Rio, Cerato, Optima, Cadenza, Quoris, Picanto, Soul, Sportage, Sorento, Mohave) бар.

АО «Азия Автоның» президенті Ерік Сағымбаевтың айтуынша, 2018 жыл орталық үшін жемісті жыл болды. Компаниядағы көліктердің қатарын 14 жаңа модель толықтырған. 2019 жылы бұл тізімге тағы 6 модель, сондай-ақ 4 бренд қосылады деген жоспар бар.

«Азия Авто» компаниясы «Бипэк Авто – Азия Авто» компаниясының құрамына кіретінін айта кетейік. Ресеймен бірлесіп жасап жатқан жаңа жобаның жүзеге асырылуына 55 млн АҚШ доллары бөлініп отыр.

Көлік шығару бойынша ШҚО-дан кейін екінші орынға Қостанай облысы тұрақтады. Мұнда Қазақстандағы көліктердің 39,2%-ы шығарылады. Өңірде жылына 11,8 мың көлік жасалады.