Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, 2016 жылыдың наурыз айында Анар Алекберов шетелдік органдарға серіктес болуға келіскен. Олар өз кезегінде Әзербайжан азаматына ақша төлеп отырған.
Анар Алекберовқа Әзербайжан Республикасының шетелмен сауда қатынастары бар азаматтары туралы ақпарат жинау тапсырылған. Сонымен қатар Әзербайжан қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, Қорғаныс министрлігінің әскерлері, басқа мемлекеттердің Әзербайжандағы өкілдері туралы ақпарат жинау міндеттелген.
Тергеу барысында Анар Алекберов шетелдік арнайы қызмет өкілдеріне ақпараттың қадағалануы бұғатталған интернет бағдарлама арқылы жіберіп отырған. Тергеу нәтижесінде басқа да айғақтар табылған. Алекберов кінәсін мойындап, қауіпсіздік қызметіне мән-жайды баяндап берген.
Анар Алекберов Әзербайжан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша айыпталып отыр. Сот шешімі оны қамауға алуға үкім шығарды.
Тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.