Әлем • 11 Ақпан, 2019

Эльдар Иманқұлов нысана көздеуден Кувейттегі турнирде қола медаль иеленді

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кувейтте стенд ату мен нысана көздеуден халықаралық турнир жалғасуда. Қазақстандық Эльдар Иманқұлов бүгін қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Эльдар Иманқұлов нысана көздеуден Кувейттегі турнирде қола медаль иеленді

Иманқұлов пневматикалық тапаншамен (10 метр) нысана көздеуден үздік үштікке енді. Бұл сында алтын медальді Сауд Арабиясының өкілі иеленсе, күміске сербиялық Дамир Микеч қол жеткізді. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Рашид Юнусметов бесінші орыннан көрінді. 

Еске сала кетейік, кеше Виолетта Старостина пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден күміс жүлдегер атанған болатын. 

Соңғы жаңалықтар