Қазақстан • 11 Ақпан, 2019

Алматы облысында «Апорт» бағдарламасы жемісті жалғасуда

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Жетісудағы  алма бақтарының алқабы 2,4 мың гектарға ұлғайды.  Ал жиналған алманың мөлшері  65 000 тоннаға жетті. Бұл өңірде жүзеге асып жатқан «Апорт» бағдарламасының нақты нәтижесі.

Алматы облысында «Апорт» бағдарламасы жемісті жалғасуда

«Апорт» бағдарламасын сәтімен іске асыруды жалғастырып, алма бақтарының санын көбейтіп отырған ауданның бір – Талғар. Әуелгіден алманың Отаны саналатын ежелгі Талхиз топырағында өткен жылы апорт бағының көлемі 291 гектарға жетіпті. Бұл жойылып кетуге дейін жеткен Алматы апортының ғұмырын ұзартып, өлкенің алманың Отаны ретіндегі дәуренін оралтуға бастайтын жол.

Жалпы, Талғар ауданының шаруалары алма ғана емес, агроөнеркәсіп өнімдерін өндіруде мол табысқа жетіп отыр. Өткен жылғы есеп бойынша, аумақтағы ауыл шаруашылығының табысы 49 млрд теңгені құраған. Бұл арғы мерзіммен салыстырғанда 2 млрд теңгеге көбейгенін айғақтайды.