Бокс • 12 Ақпан, 2019

Данияр Елеусінов Головкиннің экс-қарсыласымен бірге бокс кешінде өнер көрсетеді

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) 15 наурызда Филадельфияның (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында кәсіби рингтегі алтыншы айқасын өткізеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Данияр Елеусінов Головкиннің экс-қарсыласымен бірге бокс кешінде өнер көрсетеді

Қазіргі уақытта осы бокс кешінде IBF тұжырымы бойынша екінші жартылай салмақтағы әлем чемпионы Тевин Фармер (28-4-1, 6 КО) мен Джоно Кэрролл (16-0-1, 3 КО) хедлайнер болып отыр.

Жеңіл салмақта әйелдер арасында әлемнің екі чемпионы - WBA және IBF титулдарының иегері Кэти Тэйлор (12-0, 5 КО) мен WBO белбеуінің иегері Роуз Воланте (14-0, 8 КО) айқасады. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Габриэль Росадо (24-11-1, 14 КО) былтыр Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасқан Мацей Сулецкимен (27-1, 11 КО) күш сынамақ.

Тағы бір жұп бекітілді: Генри Ланди (29-7-1, 14 КО) - Эвери Спэрроу (9-1, 3 КО).  Сондай-ақ, қатысушылар тізімінде Джон Джо Невин (11-0, 4 КО) мен дебютант Рэймонд Форд бар.