«Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 39 870 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 18 058, өзге мекемелер 21 460, «Астана көгалдандыру құрылысы» 352 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» ЖШС компаниясының хабарламасында.
16 қазан мен 11 ақпан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 1 754 721 текше метрді құрайды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 332 текше метрі, ал 13 қазан мен 11 ақпан аралығында 20334,5 текше метр және 21 қарашадан көктайғаққа қарсы реагенттің 454,1 тоннасы себілді.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.