Үкімет • 12 Ақпан, 2019

Үкімет отырысында Қанат Бозымбаев еліміздегі тау өзендерінің жағдайы туралы хабарлады

59 реткөрсетілді

Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев тау өзендері бойынша жағдайы туралы хабарлады.

Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерінде (Түркістан обл.) қар көлемі нормадан 10%-ға жоғары, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінде нормадан 58%-ға төмен.

Алматы облысы бойынша Іле Алатауының солтүстік беткейінде қар көлемі нормадан 10%-ға жоғары, Жетісу Алатауында нормадан 10%-ға төмен, ал Іле Алатауының оңтүстік беткейінде және Кетмен жотасының солтүстік беткейінде нормадан 6%-ғат төмен.

Бұқтырма су қоймасында және Шығыс Қазақстан облысы Шүлбі су қоймасына құйылатын аймақтарда қар көлемі нормадан 30%-ға жоғары, Тарбағатай жотасының оңтүстік-батыс баурайында нормадан 36%-ға жоғары, ал Ертістің сол жағалауында нормадан 6%-ға жоғары.

Жамбыл облысы Қаратау жотасының солтүстік-шығыс беткейінде және Қырғыз жотасының солтүстік беткейінде қар көлемі нормадан 40%-ға төмен.

2019 жылдың ақпан айында қар жиналу процесі жалғасуда.

Бұдан басқа, Сырдария, Шу, Талас, Жайық, Ертіс және Іле трансшекаралық өзендерінің 75-95%-ы ағысы көрші мемлекеттердің су қоймаларында қалыптасып, реттеледі. Осыны ескеріп ағын көлемі мен су қоймаларының жұмыс режимі биыл наурыздан мамырға дейін Мемлекетаралық бірлескен комиссияда  су ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімімен анықталып, бекітіледі.

Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев 2018 жылы Қазгидрометтің гидрологиялық болжамдарды әзірлеу жүйесінде түбегейлі өзгерістер болғанын атап өтті.

Қазгидромет 2019  жылғы 1 наурыздан бастап синоптикалық болжамдар негізінде апта сайын негізгі гидрологиялық болжамдар ұсынатын болады. Осы болжамдар гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгерген кезде, әрбір 3 күн сайын нақтыланады. Бұл ретте Қазгидромет Солтүстік Америка елдеріндегі су тасқыны және гидрологиялық болжау туралы ескерту жүйесін негізге алып отыр.

«Сондықтан облыс әкімдіктерінің тиісті қызметтері, Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарға жедел ден қою мақсатында инженерлік-қорғау іс-шараларын жүргізуге дайын болуы тиіс» дейді Қ.Бозымбаев.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар