Қазақстан • 12 Ақпан, 2019

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды

1425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған болатын.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды» делінген хабарламада.

Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – заңгер, экономист. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын Қарағанды облысының Саран қалалық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастады. 1986-2000 жылдары  Алматы қалалық ішкі істер басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Мемлекеттік салық комитетінің басқарма бастығы, ІІМ департамент бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция департаментінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облыстық  ішкі істер департаментінің бастығы, ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы, Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бастығы лауазымдарына тағайындалған.

2012 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.