Футбол • 12 Ақпан, 2019

Еуролига ойындары бір минуттық үнсіздікпен басталады

194 реткөрсетілді

Осы аптада футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ойындары өтеді. Бұл матчтардың барлығы да жуырда ғана әуе апатынан қаза болған аргентиналық футболшы Эмилиано Саланы еске түсіруге арналған бір минуттық үнсіздікпен басталады. 

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 22 қаңтарында Франциядан Ұлыбританияға бағытталған жекеменшік ұшақ Ла-Манш бұғазы аумағында жоғалып кеткен еді. Ұшақта екі адам болған. Солардың бірі – 28 жастағы футболшы Эмилиано Сала. Бірер тәуліктен кейін құтқарушылар ұшақ құлаған аймақты тауып, сол жерден Саланың денесі табылғаны жайында ресми түрде мәлімдеді.

Аргентинаның тумасы соңғы кездері Францияның «Нант» клубында ойнап, таяуда ғана Англияның «Кардифф Ситимен» келсімшартқа отырған болатын.  Алайда Премьер-лигада ол бір ойын да өткізіп үлгермеді. 22 қаңтарда Эмилиано ұшаққа мініп, келесі күні жаңа командасының алғашқы жаттығуына қатысуға тиіс еді...    

Ал футбол матчтарына келетін болсақ, бүгін түнде «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен ПСЖ (Франция) және Рома (Италия) мен Порту (Португалия) күш сынасады. Ақпанның 13-нен 14-не қараған түні Тоттенхэм (Англия) – «Боруссия» (Дортмунд, Германия) және «Аякс» (Голландия) пен «Реал» (Мадрид, Испания) шеберлік байқасады. Чемпиондар лигасындағы 1/8 финалында бақ сынайтын өзге командалар келесі аптада жасыл алаңға шығады.

Еуропа лигасындағы 1/16 финалдың алғашқы бәсекесі бүгін «Фенербахче» (Түркия) мен Зенит (Ресей) арасында өтеді. Ал өзге 15 кездесу ақпанның 14-нен 15-не қараған түні өтеді.    

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаевтан қалған бағалы шежіре

Аймақтар • Бүгін, 10:09

«Shymkent Bus» автобус паркі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 10:07

Бір күндік жалақыларын аударды

Қазақстан • Бүгін, 09:59

ҰБТ сынағы қалыпты өтуде

Қазақстан • Бүгін, 09:55

БАҚ өкілдерін құттықтады

Қазақстан • Бүгін, 09:52

Тұтас ұлттың тұғыры

Әлем • Бүгін, 09:48

Ақжайықтағы археология алаңы

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Go Viral: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын

Қазақстан • Бүгін, 09:31

Көмек көрсетуге шақырды

Аймақтар • Бүгін, 09:24

Өткінші дүние

Руханият • Бүгін, 09:21

Төрлетіңіз, Би-аға!

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Аманбай мен Жаманбай

Руханият • Бүгін, 09:04

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 08:59

Ұлт болып ұйысудың үлгісі

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Ұқсас жаңалықтар