Өнер • 14 Ақпан, 2019

Данэлия Төлешова The World’s Best шоуының келесі кезеңіне өтті

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Данэлия Төлешова The World’s Best шоуының екінші кезеңіне өтті. Ру Пол оның дауысына мінсіз деген баға берді.

Данэлия Төлешова The World’s Best шоуының келесі кезеңіне өтті

Бұрнағы жылы бар болғаны 10 жастағы алматылық Данэлия Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуынан үлкен табыспен оралған болатын.

Енді АҚШ-тағы аты мәшһүр шоуда қазақстандық жас әнші аузы әрі дуалы байқаудың қазылар алқасының мүшесі Дрю Берримордың арқасында вокальдық ғажайып («The Vocal Wonder») ретінде танылды. Және Данэлия Төлешоваға атақты CBS телеарнасының ықыласы ауып, оның орындауындағы Андре Дэйдің «Rise Up» әнін конкурстың эпизоды ретінде күллі әлемге көрсетті. 

Айтқандай, The World’s Best шоуында қазақстандық әншіге қазылар алқасының бір мүшесінен басқасы  түгелдей дауыс берді.

Бұл күндері Данэлия байқаудың іріктеу турлары мен бәсекелестері жайлы сұхбаттар бере бастады.

Қазір АҚШ-та жүрген жас дарын The World’s Best промокампаниясына арнаулы қонақ ретінде шақырылып, таяу күндерде NBC, Warner Bros.Television мен Disney телеарналарындағы танымал шоуларға қатысып үлгерді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ