14 Ақпан, 2019

Шахмат: Қыздарды Пашикян, ұлдарды Коцур баптайды

137 реткөрсетілді

Бүгін шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды. Осы спорт түрінің тізгінін ұстаған отандық мамандар бұл қызметке Арман Пашикянды лайық деп тапты.

31 жастағы армениялық гроссмейстер 2005 жылы блицтен жасөспірімдер арасында Еуропа чемпионы атанды. 2008 жылы Гюмри мен Мартуниде өткен халақаралық турнирлерде топ жарды. Өз елінің ішкі біріншілігінде бір мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізіп, бір рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бапкерлік қызметте де ол өзін жақсы қырынан көрсетті. 2012 жылы Арман Пашикян жетекшілік еткен Арменияның ерлер құрамасы Ыстамбұлда өткен шахматшылардың Дүниежүзілік Олимпиадасында бас жүлдені олжалады.

Пашикянның ең үздік шәкірттерінің бірі - Левон Аронян екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Аронян – әлем кубогының екі дүркін және Дүниежүзілік Олимпиадасының үш дүркін жеңімпазы және басқа да көптеген аса ірі халықаралық додалардың жеңімпазы.

Ал еліміздің танымал шахматшыларының бірі – 45 жастағы Павел Коцур Қазақстанның ерлер құрамасын жаттықтырса, 32 жастағы Әнуар Исмағамбетов балалар мен жасөспірімдер командасын баптайды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Кеше

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар