Ақтөбе • 15 Ақпан, 2019

Ақтөбе облысында барлық коммуналдық қызмет түрлерінің тарифтері төмендеді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындармен есептік кездесуде Мемлекет басшысының коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету туралы тапсырмасының орындалуы туралы айтты. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысында барлық коммуналдық қызмет түрлерінің тарифтері төмендеді

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін өңірде мемлекеттік органдардың, монополияға қарсы қызмет пен прокурортура органдарының қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Олар кәсіпорындардағы артық шығынды алып тастап,  осылайша халыққа қызмет көрсетудің ақырғы құнын төмендету үшін әрбір тарифтің өзіндік құнын анықтады. Мұндай жұмыс коммуналдық қызметтердің барлық түрлері бойынша жүргізілді. Жарық, жылу, су, кәріз қызметі, қоқыс шығару және т.б. тарифтері төмендеді», - деді Б.Сапарбаев.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысында жаңа жылдан бастап халық үшін газ бен жылу тарифі 10,2% -ға төмендеп, электр бағасы 3% -ға арзандады.

Су 5,5% -ға төмендеп, ағынды су (кәріз) 5,9% арзандады.

Жеделсаты қызметінің тарифі 10%, ПИК қызметтері 7,3% арзандап, домофон қызметіне ақтөбеліктер 5% аз төлей бастады.