15 Ақпан, 2019

Инвестиция көлемі 6,7 миллиард теңге

86 реткөрсетілді

Сандықтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсарып келеді. Жыл сайын шағын және орта бизнес субъектілерінің саны көбейіп, ауыл шаруашылығына жеткілікті мән берілуде.  

2018 жылы осы саладағы жалпы өнім көлемі 29 миллиард теңгені құрады.  Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 миллиард 700 миллион теңгеге жетті.

–Мемлекет тарапынан жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия түрінде қолдау көрсетіледі.  Өсімдік шаруашылығын дамытуға 865 миллион теңге көлемінде субсидия берілді. 3 миллиард 244 миллион теңгеге 57 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жеңілдетілген несиелендіру, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу барысындағы шығынды жартылай өтеу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында 360 миллион теңге көлемінде субсидия бөлінді,–дейді аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов. 

Сандықтау ауданындағы шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Соның арқасында осы салада 6 мың адам еңбекпен қамтылған. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді тұрғындардың 57 процентін құрайды. Аудандағы ірі серіктестіктер маңызды мәселелерді шешуге белсене араласып, әрдайым қолдау көрсетуде. Ауданның 19 процентін жастар құрайды. Қазіргі күні спорт, білім, мәдениет салаларын дамытуға айрықша көңіл бөлінуде.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»  

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Отбасы – ұлттың тірегі

Қоғам • Бүгін, 08:18

Еріктілік ізгілікке бастайды

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Несие портфелінде нақтылық жоқ

Экономика • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар