Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 620 бірлігі жұмылдырылды. «Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 29 595 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 12 965, өзге мекемелер 16 526, «Астана көгалдандыру құрылысы» 104 текше метрін шығарды» делінген «Астана Тазалық» ЖШС компаниясының хабарламасында. 16 қазан мен 17 ақпан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 1 955 330 текше метрді құрайды.
Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 70 текше метрі, ал 13 қазан мен 14 ақпан аралығында 20 774,5 текше метр және 21 қарашадан көктайғаққа қарсы реагенттің 467,76 тоннасы себілді.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.