Қазақстан • 18 Ақпан, 2019

Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы тағайындалды

761 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ресми өкіл-баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. 

Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы тағайындалды

Нұрділдә Серікұлы 1981 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ҚР ІІМ Қарағанды академиясын бітірген.

Еңбек жолын Алматыдағы «ЮСА» телеарнасының тілшісі болып бастаған. «31 арна» телеарнасы «Информбюро» жаңалықтар бөлімінің жүргізушісі,  «Астана» телеарнасының редактор-жүргізушісі, репортер-сарапшысы, «Қазақстан» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі, «Апта.kz» бағдарламасының жүргізуші-редакторы болған.

2007 жылы ішкі істер органына ауысып, Астана қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы, мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, департамент бастығының баспасөз хатшысы  қызметтерін атқарды. 

Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры-министрдің баспасөз хатшысы, кейіннен ресми өкілі, Бас прокуратурасы Аппарат басшысының орынбасары, «ОРТ-Еуразия» телеарнасы бас директорының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар