Өйткені, суретті әңгімелер мен хикаяларды баяндаудың өзіндік қалыптасқан мәнерімен қатар ерекшеліктері мен қиындықтары аз емес көрінеді.
«Бала күнімізде комикстерді газет-журналдардан көрсек те, аса мән бере қоймаппыз. Бірде комикстер бейнеленген бір кітапты ашып, қарап отырсам, ішіндегі суреттер мен жазбалардың барлығы қызық көрініп, ерекше ұнады. Бірінші бетінен суреттерге назар аударып, айналасындағы жазуларды оқысаң, құдды бір фильм қарап отырғандай әсерге бөленесің. Әрқайсысы белгілі бір оқиға желісін баяндап, өзіне еріксіз баурап алады», дейді ол.
Негізі комикс өнерінің тарихы XVII ғасырда Испанияның Валенсия және Барселона қалаларынан бастау алады екен. Ол кезде бейнелер кәдімді шағын жаднама қағаздарға салыныпты. 1870 жылдары баспа беттерінде жарық көре бастайды. Елімізде жастардың қызығушылығы басым.
Төл туындыларын салуды енді бастаған клуб мүшелерінің алғашқы еңбектері жұртшылық тарапынан жоғары бағаланыпты. Түрлі оқиғалар желісі монолог, диалог үлгісінде баяндалатын комикстерді жинақ етіп құрастыру ойларында бар. Комикстер әзірлейтін тұрақты авторлардың патриоттық тәрбие, гендерлік тендікке қатысты шығармалары үлкен сұранысқа ие.
Келешектегі жоспарлары тіпті ауқымды. Жазда Астана қаласында тұңғыш рет өтетін қазақстандық комикстер фестиваліне қатыспақ ниетте.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы