Қазақстан • 19 Ақпан, 2019

Биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 200 млрд теңгеден асады

138 реткөрсетілді

Ақтөбе облысы әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында құрылыс және тұрғын үй – коммуналды шаруашылық саласының 2019 жылға арналған міндеттері талқыланды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл кемінде 1 млн теңге шаршы метр тұрғын үйді, 8500-ге жуық пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен бірге, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Иманалин баяндағандай, өңірге «Базис-А», «BI Group», «Highvill» сынды ірі құрылыс компанияларын тарту жоспарда бар.

Жалпы, құрылыс жұмыстарының көлемі 207,3 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 46,9 млрд теңге бюджет қаражатынан, 15 млрд. теңге мемлекеттік—жеке серіктестік желісі бойынша,  145,4 млрд. теңге жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылмақ. Облыс басшысы құрылыс жобаларын жүзеге асыруда инвесторларды тартуды, жеке инвестициялар үлесін ұлғайтуды тапсырды.

Сондай-ақ, өңір басшысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы мен басқа да құзырлы мемлекеттік органдардан ұзақ мерзімді құрылыс мәселесін шешуді, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту шарттарын оңтайландыруды, құрылыс саласында стандартты жобаларды кеңінен қолдануды талап етті.

Бұдан басқа, Бердібек Сапарбаев жауапты мекемелерді қымбат тұратын әлеуметтік нысандардың құрылысы үшін сынға алды.

«Құрылыс материалдарын үнемдеңіздер, бюджет қаражатын үнемдеңіздер. Жеке құрылыс салушыларда қымбатшылық жоқ. Ал қазына үшін әлеуметтік нысандардың құрылысы жыл сайын қымбатқа түсуде»,- деді облыс әкімі.

Бұған қоса,  өңір басшысы «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу қарқынының төмендігіне көңіл аударды.

«Ақтөбе өңірі тұрғын үйді мемлекеттік бағдарламамен сатуда әрқашан көш басындағылардың қатарында болды, бірақ биыл алтыншы болып тұр»,- деді жағдайды түзетумен айналысуды тапсырған Б.Сапарбаев.

Бұдан басқа, жаңа ғимараттардың сәулет бейнесіне, қасбеттерін гүлмен безендіру және заманауи әрлеу материалдарын пайдалануға тиісті дәрежеде көңіл бөлу тапсырылды.

Облыста «Ақылды қала» пилоттық жобасы белсенді жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда бағдарлама аясында «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы үйлер пайдалануға беріліп, Ақтөбе мен Ырғыз ауданындағы екі ірі нысанда бейне бақылау жүйелері орнатылды. Бердібек  Сапарбаев жаңғыртылып жатқан энергия көздері бойынша жобаларды көбейту керектігіне назар аударды. Күн сәулесінің батареяларына, газ-піспекті қондырғыларды белсендірек  инвестициялауды тапсырды.

Қала мен ауылдағы инженерлік инфрақұрылымдардың дамуы жайлы облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы  Дастан Аманов есеп берді.

Басқарма мәліметі бойынша, 2019-2020 жылдары 7 мыңнан аса халқы бар 13 елді мекен газдандырылмақ. Жалпы құны 6,3 млрд теңге болатын 20 газбен жабдықтау жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Облыстағы сумен жабдықтау жүйелерін дамытуда жеті ауыспалы және төрт жаңа жобаны жалғастыру үшін биыл 2,2 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдіктеріне облыстың бүкіл жеріндегі, әсіресе мектептердегі трансформаторлық қосалқы стансаларды қоршау жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Отбасы – ұлттың тірегі

Қоғам • Бүгін, 08:18

Еріктілік ізгілікке бастайды

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Несие портфелінде нақтылық жоқ

Экономика • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар