Әлем • 19 Ақпан, 2019

Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері Ливандағы бітімгершілік ротаны тексеріп шықты

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Инспекциялық топ жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы генерал-майор Алмаз Жұмақеевтің басшылығымен қазақстандық бітімгершілік ротасын тексеру үшін Ливан Республикасына келді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері Ливандағы бітімгершілік ротаны тексеріп шықты

Топ қазақстандық бітімгершілік ротасының аймақтағы жағдаймен, қазақстандық бітімгерлердің моральдық-психологиялық жай-күйімен танысты. Қарудың, оқ-дәрілердің және әкетілген мүліктің жай-күйін тексерді, сондай-ақ бөлімшелерді ротациялауды ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді нақтылады.

Айта кетейік, үш жарым ай бойы үндістандық миссия батальоны құрамындағы қазақстандық бітімгершілік полкінің жиынтық бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі Ливандағы БҰҰ-ның уақытша Күштері БҰҰ мандатына сәйкес аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша міндеттерді орындайды.