Қазақстан • 20 Ақпан, 2019

Баянауылдық  Ақбақай, Сарықасқа, Аққұс, Лашын атты тазылар  жүлделі оралды

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінде өткен «Сонар-2019» саятшылық маусымына орай қазақы тазы жүгірту сайысы өтті.

Баянауылдық  Ақбақай, Сарықасқа, Аққұс, Лашын атты тазылар  жүлделі оралды

 Суретті түсірген: Қанат Есжанов

Сәтбаев ауылдық аумағы әкімінің маманы  Қанат Есжановтың  айтуынша,  қыран  баптап, құмай тазы жүгірткен бұл сайысқа  12 Құмай тазы қатысыпты.

Ал, 5 құмай тазыны Баянауылдың Сәтбаев ауылының саятшылары дайындап алып  барған.

Сайыс ережесіне сәйкес, құмай тазылар 3 шақырымға дейін жүгірген.

Жарыс соңында Сәтбаев ауылынан  қатысқан саятшылар Әмір Жермұхановтың «Ақбақай» атты тазысы 1-ші орынға, Ержан Аймағамбетовтің  «Сарықасқа» атты тазысы 2-ші орынға, Әлихан Дүйсенбековтің «Аққұс» атты тазысы 3-ші орынды,  Арсылан Сағынжанның «Лашыны»  4-ші орынды иеленді.

Саятшы Әмір Жермұханов 24 жаста. Ол Қарағанды тау-кен колледжін бітірген, қазір Қарағанды политехникалық университетінде сырттай оқиды.

Қазір Әмір ауылда өзінің шаруашылығында  еңбек етуде. Ақбақай атты құмай тазысы 3 жаста. Тазы қалыпта болу үшін жұмасына  2 рет жүгіртіп, аңға шығарады екен.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы