Теннис • 20 Ақпан, 2019

Михаил Кукушкин Марсельдегі АТР 250 турнирінің екінші кезеңіне өтті

55 реткөрсетілді

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Марсельде (Франция) өтіп жатқан АТР 250 турнирінің сериясында екінші айналымға өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алғашқы кездесуде Кукушкин америкалық Денис Кудланы екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:3 есебімен жеңді. 

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші канадалық Денис Шаповаловқа қарсы ойнайды. 

Марсельдегі турнирдің жалпы жүлде қоры – 668 485 еуро. 

АТР 250 әлемдік туры – АТР ұйымдастыруымен өтетін кәсіби теннисшілерге арналған турнир. Ерлер арасындағы аталған жарыстар тізбегіне 40 турнир кіреді. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар