23 Мамыр, 2012

Адам бәрінен қымбат

399 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Адам бәрінен қымбат

Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 7:41

Уақыт көші ілгерілеген сайын денсаулық сақтау саласы да дамып, адам жанына араша түсудің ғылыми негізделген мүм­кіндік­тері ашыла түсуде. Қала­ларда, аудан орталықтарында, ауылдарда тұ­ра­тындардың ме­ди­циналық кө­мекке қол же­тім­ділігі жақсара түскенімен, алыс елді мекендерде, малдың қамы, шаруаның жәйімен шалғай қыстақтарда отырғандарға әлі де қиындау. Әсіресе, құбыл­малы қыста, жауын-шашынды күз бен көктемде. Соның ішінде аумағы 300,6 мың шаршы ша­қырымды алып жат­қан біздің облыс жағдайында.

Сәрсенбі, 23 мамыр 2012 7:41

Уақыт көші ілгерілеген сайын денсаулық сақтау саласы да дамып, адам жанына араша түсудің ғылыми негізделген мүм­кіндік­тері ашыла түсуде. Қала­ларда, аудан орталықтарында, ауылдарда тұ­ра­тындардың ме­ди­циналық кө­мекке қол же­тім­ділігі жақсара түскенімен, алыс елді мекендерде, малдың қамы, шаруаның жәйімен шалғай қыстақтарда отырғандарға әлі де қиындау. Әсіресе, құбыл­малы қыста, жауын-шашынды күз бен көктемде. Соның ішінде аумағы 300,6 мың шаршы ша­қырымды алып жат­қан біздің облыс жағдайында. Қарап отыр­сақ, облыс аумағы бойынша елімізде екінші орынды алады екен. Міне, осындай күрделі жағдайда өңір халқын қол же­тімді медициналық қыз­мет­­пен қамтамасыз ету мақса­тында бұ­дан екі жыл бұрын ме­дицина­лық жедел жәрдем ауруханасы жанынан құрылған сани­тарлық авиация бөлімшесінің жұмысы аяғынан тұрып кетті. Әрине, бұл осы қызметтің халық­қа қажеттігін түсініп, Үкімет пен жергілікті биліктің қаржылай қолдау көрсетуінің арқасы деу орынды. Қазір ауа-райының қан­дай да күрделі жағдайында шал­ғайдағы елді мекендерден сыр­қаттарды ажал аузынан алып қа­луға толық жағдайымыз жетеді. Жыл өткен сайын ма­териалдық-техникалық қамту жақсарып келеді. Боран ба, тұман ба, әлде лайсаң батпақ, жауын-шашын ба, діттеген жерге жетіп, ауруға сапалы меди­циналық қызмет көрсетуге қа­лып­тасып қалдық. Бөлімше облыстың он екі ауданын, облыстық перенетальдық орта­лықты, облыстық және қала­лық балалар ауруханасын, меди­ци­налық жедел жәрдем ауруханасын қамтиды. Бізде тұрақты төрт дәрігер, 10 фельдшер жұ­мыс істейді. Дәрігерлердің бар­лығы да өз мамандығының шын мәніндегі шеберлері, қан­дай күр­делі жағдайда да дұрыс дәрі­герлік шешім қабылдай алатын ақ халатты абзал жандар. Акушер-гинеколог Мақсат Серғазин, Алексей Хасанов, Гүл­нар Құрақ­баева талайды ажал аузанан арашалап қалды. Фельдшерлеріміз де негізінен тәжірибелі. Соңғы кездері 4 жас фельдшерді жұ­мыс­­қа қа­был­дадық, олар білікті әріп­тестерімен бірге жұмыс істей жүріп, шеберліктерін шың­дауда. Қажет бола қалған күр­делі жағдайда облыстың бар­лық деңгейдегі емдеу меке­мелерінен білікті дәрігерлерді шақырта аламыз. Олардың ке­зекшілік кестесі алдын ала бекітілген. Бұл біздің бір ар­тық­шылығымыз десе де болады.

Білікті маманның да осы заманғы медициналық қон­дыры­ғыларынсыз «қолы кесі­ліп» қалатын кездері болады. Шыны керек, бұл жағынан еш қам жемейміз. Қазір бөлімшеде осы заманғы озық медици­налық қондырғылармен жарақ­танды­рылған бес машина бар. Соның үшеуі диагностикалық және емдеу қондырғыларымен жаб­дықталған «Фольксваген» реа­ни­мобильі. Бұларда сырқаты қатаң ауруды стационарлық емдеу мекемесіне жеткізу үшін барлығы бар. Осы реанима­бильдің біреуі әйелдерді босан­дыруға және жаңа туған салм­а­ғы 500 грамнан жоғары шараналарды орталыққа жеткізуге ар­налған. Осы ғажап техни­каның және білікті дәрігерлер мен фельдшерлердің арқасында қан­шама өмір жалғасты десе­ңізші. «УАЗ» және «Нива» жедел жәрдем машиналарының жаб­дықталуы көңіл қуантады, ауруға дәрігерлік көмек көрсе­туге қолайлы. Осы техникаларды үнемі жарақтылықта ұс­тайтын 9 жүргізуші жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Аэро» әуе компаниясынан «АН-2» ұша­ғын жалға алу төлемін респуб­ли­калық бюджет көтереді. Оның бір сағаты 80 мың теңге тұрады. Ал, «ЕврАзияЭйр» ком­паниясының «МИ-8» тік­ұшағы тиісінше 400 мың тең­геге түседі. Оны жергілікті бюджет төлейді. Сондықтан көбіне «АН-2» ұшағын пайда­лануға тырысамыз. Бұдан басқа да қолқоржынға немесе ша­баданға салынған жүрек со­ғысын жасанды қалпына кел­­тіру, тыныс алдыру, тыныс жолдарын тазарту, ЭКГ сияқты осы заманғы жетілдірілген аппаратуралар науқасқа дер кезінде қажетті медициналық қызмет көрсетуге кепілдік береді. Дәрі- дәрмекпен қамтамасыз етуде кемдік жоқ. Шыны керек, санитарлық авиацияның осындай болуына медициналық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәубет Келімбердиев­тің үлесі зор. Бөлімшенің ар­нау­лы техникамен, дәрі-дәрмек­пен, медициналық қондыр­ғылармен жарақтандырылуына ұдайы ұйытқы болып жүреді.

Бөлімше құтқарушы дәрігер­лері құрылғаннан бергі екі жыл ішінде ауыр науқастардан 442 шақыру алып, жолға шықты. Он алты ауруға ұшақпен, тік­ұшақ­пен жетуге тура келді. Біздің дә­рігерлер сол жерде әр түрлі 120 ота жасады. Аудандардан 313 ауыр халдегі сырқат жеткізілді. Соның 200-ден астамы балалар. Мұның өзі алыс ауыл­дардағы аяғы ауыр аналардың босанар күні тақағанша жүріп алатынын, сондай-ақ, көбінің қан аздығы­мен ауыратынын көрсетеді. Абырой болғанда бірде-бір ана өлімі болған жоқ, бірде-бір шарана ше­тінеген емес. Бұл да осы ұжым­­­ның, сырттан шақырыла­тын әріп­тес­тері­міздің кәсіби шеберлі­гінің нәтижесі екені сөз­­­сіз. Ал, үсті­міздегі жылғы үш айда 69 шақыр­ту болды, 29 ота жасалып, 49 адам аудандық және об­лыстық ауруханаларға жеткі­зілді.

Санавиация бөлімшесінің маман дәрігерлері шалғай ау­дан­дардағы әріптестеріне теледидар арқылы жағдайы ауыр нау­қастардың ауруын анықтау және емдеу жөнінде кеңес береді. Мұндай қызмет телефон арқылы да көрсетіледі. Міне, осындай уақытпен, жағдаймен санаспай, ауа райының құбыл­малылығына қарамай жұмыс істеудің нәти­жесінде екі жылдан астам уа­қытта 700-ден астам адамның өміріне төнген қауіптің беті қайтарылды. Бір ғана мысал келтірейін. Күні кеше ғана өзім бас болып фельдшерлер Айна­гүл Мәтіғұлова және Жанар Қуанышбаевамен бірге Қанды­ағаш қаласында туғанына үш күн болған іште жатқанда өкпесі қабынған сә­биді аман-есен жет­кіздік. Мұн­дай жағдай күнде­лікті өмі­ріміздің ырғағына айналып кетті. Осылай алдын ал­мағанда арты неге соғарын кім білген. Осының барлығы Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың сара сая­сатының нәтижесі. Президент елдің ертеңі халықтың ден­сау­лығымен байланысты екенін үнемі айтып келеді. Құр ғана айтып келе жатқан жоқ, денсау­лық сақтау саласының дамуына қаржылай қолдау көрсетіп жүр. Соның бір мысалы, біздің са­нитарлық авиация бөлімшесі. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Әлеу­меттік-экономикалық жаң­­­ғырту – Қазақстанның дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытудың өзекті мәсе­лелерін жіпке тізгендей етіп айта келіп, «Бізде медициналық поездар, автокөлік, медицина­лық авиация пайдаланылады» деген болатын. Міне, біздің қыз­метіміз осыған нақты мысал, айқын айғақ болады деп ойлаймын.

Зинаида Бисенбаева,

санитарлық авиация бөлімшесінің меңгерушісі.

Ақтөбе облысы.