Аймақтар • 20 Ақпан, 2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

459 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен жылы ауыл аймақтардағы жастардың ағылшын тілін үйренуіне мүмкіндік беру мақсатында «Нұр Отан» партиясы «English for jastar» пилоттық жобасын әзірлеген болатын. Жоба жұмысы сәтті аяқталып, биылғы жылға жүйелі жоспарлар тізілді. Бұл жайында өңірлік комуникациялар қызметінде өткен жиын барысында айтылды.

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

–2018 жылы «Нұр Отан» партиясы «English for jastar» жобасын іске қосып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі 7 мыңға жуық оқушыны ағылшын тіліне баулу туралы бастаманы жүзеге асырды. Жоба биылғы жылы да жалғасатын болады. Облыстың 5 ауданына  ағылшын тілін оқытуға 13 ерікті іріктеліп алынды. Еріктілер екі кезеңге созылған бақылау сынағынан өтіп, өз біліктіліктерін таразы басына тартты. Бұл жоба тек қана оқушылардың тіл білу деңгейін көтеріп қоймай, ерікті жастардың да болашақ мамандығына деген жауапкершлігін арттыруға септігін тигізіп отыр.

Өткен жылы дәл осы бағытта 12 ерікті іріктеліп алынып, екі ай бойы өңірдің 6 ауданынан 600-ге жуық оқушыға тіл үйрету курстарын жүргізген болатын. Аталмыш курстың ерекшелігі – еріктілер курсты дәстүрлі түрде  жүргізбей, дебат ойыны, сахналық қойылымдар, еркін пікір алмасу, ойын түрінде өткізеді. Мұндай әдістер мектеп жасындағы балалардың қызығушылығын туғызып ғана қоймай, тіл үйренуге деген ынта-жігерін арттырады.

–Ауылдық округтердегі жастардың тіл үйренуіне мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырылып жатқан бұл жоба былтыр өз жемісін берді. Екі ай аз уақыт болса да, оқушылар әрі қарай ізденуге ынталандырылды. Әрі балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдалануына таптырмас мүмкіндік. Себебі курс өткізу форматы да күнделіктіден ерекше. Бұл жоба тек оқушыларға ғана емес, тәжірибеден өтіп жатқан еріктілерге де біліктіліктерін арттыруға зор көмек,–дейді облыстық "жас отан" жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешев.

Үш тұғырлы тіл – азаматтардың бүгінгі күн мен келешек қоғамда орнықты қалыптасуының басты факторларының бірі. «English for jastar» жобасы шалғай елдімекендерде орналасқан ауыл жастарына жасалып жатқан бірегей мүмкіндік.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы