«21 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 21 ақпанда жаяу бұрқасын, батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 21 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.