Мәселен, 19-20 ақпан күндері облыс бойынша 41 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан екі адам қайтыс болып, 8 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды.
Осыған орай, Қарағанды облыстық полиция депртаменті автожүргізушілерді сапарға шыққанда сақ болуға және жылдамдық тәртібін қатаң сақтауға тағы бір мәрте шақырып, хабарлама таратты.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды