Қазақстан • 20 Ақпан, 2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі барысында ескі автобустарды жаңасына ауыстыру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

«Ескі автобустар қашан ауыстырылады? 52, 40, 46, 70, 2, 22 сияқты маршруттарда әлі күнге дейін ескі автобустар жұмыс істейді. Ескі автобустардың ішінде өте суық. Ескі қозғалтқыштар өте шулы. Халыққа жол жүру ақысын көтерген екен, соған сәйкес сапалы тасымалдар үшін шаралар қолдануыңызды сұраймын», – деді кездесуге қатысушы.

«Автобус паркінің 70% жаңартылды, біз халықаралық қаржы институттарын арнайы тартудамыз. Өздеріңіз көріп отырсыздар, жаңа автобустар өте ыңғайлы. Қалған 30%-ы – техникалық тұрғысынан талапқа сәйкес автобустар. Бірақ біз оларды барынша жаңарту үшін жұмыс істейтін боламыз. Тиісті қаржы институттары мен құралдары бар, автобустар санын да, рейстердің жиілігін да арттырамыз», – деп жауап берді әкім.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қоғамдық көлік жүйесіне қызмет көрсету сапасына қатысты iKomek арқылы көптеген шағым келіп түсуде.

«Мен барлық аудан әкімдеріне автобустардың аялдамаларға қатынауын, аялдамаларда «байбаламның» болмауын, апатты жағдай туғызбауын бақылауды тапсырдым. Қызмет көрсету мен автобустардың сапасы, рейстер жиілігі ерекше бақылауда. Жақын арада оның көз алдыңызда қалай жақсаратынын көресіздер», – деді қала әкімі.

Бұдан бұрын Бақыт Сұлтанов өз сөзінде жақында 80 газ автобусын сатып алу жоспарланғанын, пилоттық режімде электробус іске қосылғанын хабарлаған болатын.