Қазіргі уақытта орта білім беру ұйымдарында бұқаралық спорт түрлері бойынша мектеп спорт лигасы құрылды, оның кезеңдері мектепішілік, өңірлік және республикалық деңгейде іске асырылуда. Білім және ғылым министрлігі 2002 жылдан бастап тұрақты негізде мектеп оқушылары мен колледж оқушыларының 53-ші жазғы және 10-шы қысқы спорт түрлерінен жазғы (қысқы) спартакиадаларын өткізіп келеді.
«Соңғы жылдары мектеп спортын дамытуды одан әрі ынталандыру, сондай-ақ спорт резервін дайындау мақсатында Министрлік 14-17 жастағы оқушыларға халықаралық жарыстарға қатысу үшін неғұрлым кең мүмкіндіктер беру жөніндегі шараларды пысықтауда. Осылайша, Министрлік Қазақстан Республикасы Мектеп спорт федерациясымен бірлесіп мектеп спорт лигасы мен оқушылар спартакиадасы жеңімпаздарының 2020 жылы Қытайдағы Дүниежүзілік гимназиадаға қатысу мәселесін зерделеп жатыр», делінген Б. Сағынтаевтан келген хабарламада.
Премьер-министрдің айтуынша, Дүниежүзілік гимназиядаға қатысу республикалық бюджеттен қажетті қаржы ресурстарын бөлуді талап етеді. Бүгінгі таңда республикалық бюджетте бұл мақсаттарға қаржы көзделмеген. Осыған байланысты Дүниежүзілік гимназиядаға қатысу үшін бюджеттен қаржы бөлу заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Білім және ғылым министрлігіне атқарылған жұмыс жөнінде депутаттық корпусты қосымша хабардар ету туралы тапсырма берілді.