Қазақстан • 21 Ақпан, 2019

Заң университеті жас ғалымдарға гранттар бөлді

130 реткөрсетілді

М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ Университеті жас зерттеушілерді институционалдық қолдау мақсатында гранттық бағдарлама ұсынады. 

Бағдарлама бойынша заң саласының  5 магистрі «Мемлекеттік құқық» және «Жеке құқық» бағдарламалары бойынша PHD докторантураcына тегін түседі. Жас зерттеушілер 3 жылдық оқу мерзімінде тұрғылықты жермен қамтамасыз етіледі. Диссертациясын табысты қорғағаннан кейін  жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

«Жастар жылының ашылуында Елбасы «жас ғалымдарға өз идеяларын нақты жобаларға аударуға көмектесу керек» деп атап өтті. Сонымен қатар ол жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінген гранттар санын 3 млрд теңгеге көбейтуді тапсырды. Біз өз тарапымыздан жастар жылына үлесімізді қоссақ дейміз. Қазір әлемнің заманауи университеттері білім беру қызметіне емес, ғылыми-зерттеу саласына баса мән беруде. Сондықтан жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге қызығушылық танытқан жас мамандарды қолдау маңызды. Бүгінде құқық тақырыбындағы ғылыми ақпараттың көбі шет тілдерінде болғандықтан практикалық тәжірибесі бар, құқықтық болжам жасай алатын ғалымдарды тәрбиелеп шығарғымыз келеді», -  деп атап өтті М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЮУ Университеті Жоғары заң мектебінің директоры Сергей Пен.

Сондай-ақ, Сергей Пен ұсынылған гранттық қолдаудың шарттары туралы әңгімелеп берді: «Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар: ағылшын немесе неміс тілдерін білу, сапалы әрі негізді зерттеу тақырыбы мен бұрын жүргізілген нәтижелі зерттеу жұмыстарының болуы. Байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлердің құжаттарын байқау комиссиясы сырттай қарайды, кейін жеке сұхбатқа шақырады. Конкурстың сырттай кезеңі 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін, үміткерлермен сұхбат 20 маусымға дейін өтеді. Барлық құжаттар www.kazguu.kz ресми сайтына онлайн-форма толтыру арқылы жіберіледі».

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштағы қоқыс (видео)

Видео • Бүгін, 13:08

Жарқын жобалар

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Сөз сойыл №88

Руханият • Бүгін, 09:42

Трактормен келген фельдшер

Аймақтар • Бүгін, 07:00

Сабақ тоқтады, жолдар жабылды

Аймақтар • Бүгін, 06:53

Қар қалың, қауіп көп

Аймақтар • Бүгін, 06:51

Ырғын қар ырық берер емес

Аймақтар • Бүгін, 06:50

143 жолаушы құтқарылды

Аймақтар • Бүгін, 06:47

Жырақтағы жұлдыздар

Қоғам • Бүгін, 06:43

Такси және тойымсыздық

Қоғам • Бүгін, 06:14

Балабақша бос тұр

Қоғам • Бүгін, 06:00

АӘК: жаңа тәртіп тиімді ме?

Медицина • Бүгін, 05:56

Ұқсас жаңалықтар