Аймақтар • 22 Ақпан, 2019

СҚО-да әлемдегi iрi қалайы кен орны ашылады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халық алдындағы есептiк кездесуде СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов өңiрдегi өнеркәсiптiң дамуына тоқталды. Облыста қалайы өндiретiн үлкен кен орны ашылып, өңiр экономикасына серпiн бермек.

СҚО-да әлемдегi iрi қалайы кен орны ашылады

«Көп жылдар бойы Қазақстандағы жалғыз, Орталық Азиядағы iрi қалайы кен орындарының бiрi — Сырымбет зертелдi. Биыл мамыр айында ашу жұмыстары жүргiзiлмек. 2018 жылы инвестиция көлемi 4 млрд. теңгенi құрамақ. Жоба толық күшiне 2021 жылы енгiзiлiп, жалпы инвестиция көлемi 100 млрд. теңгеге жетпек. Бiздiң өңiр үшiн үлкен жетiстiк болады» дедi Құмар Ақсақалов.

Облыстағы басты кәсiпорындар — «ПАМЖ» және «Киров зауыты» дамудың жаңа сатысына шығуда. Зауыттарды жаңғыртуға 6,7 млрд. теңге бөлiндi.

«Елбасы қолдауының арқасында соңғы 10 жылда зауыттарды жаңғырту жұмыстары басталды. Осының арқасында кәсiпорындар елде шығарылмайтын өнiмдердi өндiре бастамақ. Тұрмыстық техникаға арналған құрылғы, ақпараттық қауiпсiздiк қондырғылары шығарылады. Зауыттардың жұмыс iстеуi алдағы 3 жылда өнiм көлемiн 40% өсiруге мүмкiндiк бермек» дедi Құмар Ақсақалов.

«Биооперейшн» зауытының iске қосылуы өңiр эномикасына қан жүгiрттi. Крахмал мен кiлегей цехi iске қосылды. Желтоқсанда биоэтанол шығаратын цех жұмысын бастайды. Өңiрде қайталама полимер өңдейтiн бiрегей зауыт ашылды.

Шетелдiк инвесторлардың қатысуымен жем және ағаш өндiретiн зауыт, бидай өңдейтiн зауытты салу жоспарда бар. Заманауи Дата-орталық салу көзделген, инвестиция көлемi 27 млрд. теңге. Қазiр өңiрде 7 iрi инвестициялық жоба әзiрленуде. Екi жылдан соң өңiр экономикасына 80 млрд. теңге инвестиция құйылып, 1500 адам жұмыспен қамтылмақ.