Ал мұндай қолайлы орта қалыптастыру, мемлекеттің ішкі-сыртқы тұрақтылығын сақтау, елде бірлік пен ынтымақ орнату – сол Мемлекет басшысының сарабдал саясатына, парасат-пайымына, көрегендігіне тікелей қатысты.
«Нұр Отан» партиясы өзінің Көшбасшысымен бірге «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасын дайындап жатыр.
«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтардың жаңа инновациялық буынын дайындау үшін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін білім беру жүйесін қаржыландыруды және «Болашақ» бағдарламасы бойынша педагогтер үшін квоталарды және олардың еңбекақысын ұлғайтуға, әрбір мектепте ІТ-сыныптарды және еліміздің әрбір елді мекенінде 3 жасқа толмаған балаларға арналған дамыту орталықтарын ашуға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы инклюзивті балабақшалар желісін құруға қол жеткізетін болады.
Сол сияқты өзіміздің дәрігерлеріміздің де жалақысы Батыс елдерінің деңгейіне жеткізіледі. Мұның бәрі болмайтын дүние емес. Отанымыздың экономикалық-әлеуметтік өсу жағдайы осындай мүмкіндіктерді болдырады. Бүгінде оның жақсы белгілерін ел өмірінен көріп те жатырмыз. Қолжетімді әрі арзан несиелер шағын және орта кәсіпті өркендетуге, жұмыссыздардың санын азайтуға жақсы әсерін тигізуде. Бір Қызылорда облысының өзінде жұмыссыз әрі өзін-өзі жұмыспен қамтыған жүз мыңға жуық азаматтың дені «Нұр Отан» партиясы мен Үкіметтің қолдауы арқасында жұмыс тапты. Осындай шаралар республикамыздың барлық аймақтарында жүзеге асырылуда.
«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бүгінде елде болып жатқан ұлы өзгерістердің жақсы бастамашысы екендігін осылай дәлелдеп жатыр.
Аида ӘБИБУЛЛАЕВА,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда аймақтық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы
Қызылорда облысы