20 Маусым, 2012

Дельфий – таланттылар ойыны

599 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дельфий – таланттылар ойыны

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 8:31

Маусым айының алғашқы аптасында облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің концерт залында VIIІ Дельфилік жастар ойындары болып өтті. Бұл өнер мерекесін облыстық ішкі саясатбасқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» бөліміұйымдастырдыЗатымән-мағынасы дұрысмақсаты жақсыжасөспірімдержастар мерекесі еліміз бойынша өтіп жатқан «Болашақбүгіннен басталады» атты шара барысына арналдыМерекеге әр түрліөнер саласы бойынша әншібиші 200-ге жуық жас қатысыпбақ сынасты.

 

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 8:31

Маусым айының алғашқы аптасында облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің концерт залында VIIІ Дельфилік жастар ойындары болып өтті. Бұл өнер мерекесін облыстық ішкі саясатбасқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» бөліміұйымдастырдыЗатымән-мағынасы дұрысмақсаты жақсыжасөспірімдержастар мерекесі еліміз бойынша өтіп жатқан «Болашақбүгіннен басталады» атты шара барысына арналдыМерекеге әр түрліөнер саласы бойынша әншібиші 200-ге жуық жас қатысыпбақ сынасты.

Сонымен, Дельфий – гректің көне тілінен аударғанда «сыры терең», «сырлы» деген мағынаны білдіреді. Өзге елдің тарихы бұл ойынды Аполлон батырдың атымен байланыстырады. Батыр Пифон деген айдаһардың көзін жойып, жеңіске жетеді. Сол жерде жеңіс әнін шырқайды. Әннің соңы өнердің сан түрлі аспаптарында жалғасып шырқалады. Биге ұласады. Аполлон батыр жеңіске жеткен сыры терең сырлы жердің аты Дельфий деп аталады екен. Бұл б.д.д 582 жыл болса керек.

Облыс орталығында өткен ойындар тағы да жаңа есімдерді таныстырды. Енді бұл жобаның мақ­сатына келсек, ол: ел тәуел­сіздігі жылдарында жеткен жетіс­тіктері негізінде дарынды шығар­машылық жастарды айқындау және қолдау, жас ұрпақтың пат­риоттық сана-сезімін қалыптас­ты­ру, өз еліне деген мақтаныш сезімін арттыру, халқымыздың мәдени мұрасын сақтау, жастар­дың өзге мәдениеттерге қызы­ғу­шылығын тудыру және оларды толерантты рухта тәрбиелеу.

Ойындар ұйымдастыру­шы­лар бекіткен бағдарлама бойынша, бір күнде болып өтті. Ойынға қатысушылар аудандық және қалалық Дельфийлік ойындар­дың жеңімпаздары атанды. Қа­тысушылар ұжымдық және жеке орындаушылар болып бөлінді.

Осы мерекені ұйымдасты­ру­шы­лардың бірі Руслан Рахым­жа­новтың айтуынша, жыл сайын­ облыста өз өнерлерімен, таланттарымен танылған жастар шо­ғы­ры көбейіп келеді. Мысалы, клас­сикалық шығармаларды орындау­шы пианист Әнел Мұқашеваны алсақ, ол атақты композитор Бах­тың туындыларын орындап берді. Ал облыс орталығындағы Құр­манғазы атындағы музыка мек­тебінің оқушысы 15 жастағы пианист Илья Халявко Бетховен шығармаларын орындап, тыңдау­шыларын тәнті етті. «Аққу» биін билеген кішкентай Нұрайлым Тұманбаева болса, Лебяжі ауда­ны­­ның Қазы ауылынан келіпті. Оған би билеуді әжесі үйретіпті. Анасы би көйлектерін тігіп беріпті. «Менің арманым Астана мен Алматы сахналарында би билеу», – дейді кішкентай қыз. Басқа да дарынды ұл-қыздар бір же­ті бойы өз өнерлерімен жұрт­шы­лықты, құрбы-құрдастарын тән­ті етті. Таланттарын ұштаған кіш­кентай өнерпаздар өсіп келе жат­қанының куәсі болдық. Ойыннан гөрі, өз тілімізше, өз ұғымы­мыз­ша айтқанда, шара кәдімгі өнер, достық мерекесіне ұласты.

Дегенмен, өнерлілер сайыста анықталады. Сырлы әуенмен, сыр­лы үнмен осы ойындарға іле­се білген өнерпаздар байқаудың со­ңына дейін қалып, өнер мәре­сіне жетті. Қатысушылар саны көп болды. Жаяу Мұса, Естай, Майра сияқты әншілер дүниеге келген өңірде өнерлі ұл-қыздар жетеді. Сондықтан да, талантты әнші жастардың көпшілігі өңір­дің атын шығаруға атсалысты. Облыс орта­лығында өткен мереке қоры­тын­ды гала-концертпен тәмамдалды.

Фарида БЫҚАЙ,

 «Егемен Қазақстан».

Павлодар.