Келісімшарт аясында барлық ветеринарлық-карантиндік және эпизоотиялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру ескерілген.
Брянск ет компаниясы Ресейдегі жетекші ет өндіруші – «Мироторг» агроөнеркәсіп холдингінің құрамына кіреді. БЕК-тің өнімдері жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес. Компания малды генетикалық түрлендірілген қоспаларды, антибиотиктерді, гормондарды және өсуді тездететін қоспаларды пайдаланбай, өздерінің таза жемшөптерімен өсіреді.
Сонымен қатар осы келісімнің аясында биылғы көктемде Ақмола облысындағы «AiZet Farms» ет өңдеу зауытымен 1000 бас асыл тұқымды мал жеткізу туралы, «МТС «Жайма» ЖШС-мен (Павлодар облысы) Аграрлық несие корпорациясының қарыз алушыларына арналған 5 мың ірі қара мал басын осы жазда жеткізу жөнінде операторлық келісімшарттарға қол қойылмақ.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Egemen Qazaqstan»