Кеше елордаға 1322 тонна көмір әкелінді. Оның 770 тоннасы – «Шұбаркөл», 552 тонна – «Майкөбе» көмірі. Ал көмір бағасы төмендегідей:
«Шұбаркөл» тоннасы – 11 300 теңге, «Қаражыра» тоннасы – 12 700, «Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге, «Богатырь көмір» тоннасы – 9 000 теңге, «Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.
Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу мақсатында көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. Бүгінгі таңда көмір нарығындағы жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ.
Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өзінің тұрақты бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.