«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қазақстандық өндірістің РТ маркалы авиациялық отынына көтерме баға төмендегені туралы хабарлайды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Хабарда түсіндірілгендей, бағаның өзгеруі Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды аяқтау аясында ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру желісінің кеңеюіне негізделген.
«Жоғарыда көрсетілген фактор ішкі нарықты ел үшін стратегиялық маңызды мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге және бағасы қымбат импорттан бас тартуға мүмкіндік берді», - делінген хабарда.
Еске салсақ, бұған дейні хабарланғандай, ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына жазылған сауалында келтірген ақпарына сәйкес Астана мен Алматыдағы авиациялық отын бағасы Лондондағы, Мәскеудегі, Дубай мен Гонконгтағы бағадан қымбатырақ.
Ашық дерек көздерінің ақпарынша, «Газпромнефть», «Роснефть» ҰК, «Лукойл» және «Татнефть» Қазақстандағы авиациялық керосинді негізгі импорттаушы-компаниялар болып табылады.