Кездесу барысында тараптар қала инфрақұрылымын модернизциялау мен мегаполиске халықаралық несиелік рейтинг беру жөнінде халықаралық IFC қаржы корпорациясының кеңесші қызметін көрсетуі туралы келісімге қол қойды.
Мегаполис басышысы IFC қаржы корпорациясының мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағида және қаланың инвестициялық көрсеткіштері бойынша нақтылы көрініс жасауда үлкен халықаралық тәжірибеге ие екенін атап өтті.
«Алматыда ұзақ мерзімді шетелдік инвестицияны қажет ететін ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынуда. Мысалы, солардың бірі LRT құрылысы, яғни заманауи трамвайды жүргізу. МЖӘ жобаларында IFC сараптамасы жобаның инвестицилық тартымдылығын арттыру қажеттігін көрсетті», - деді Бауыржан Байбек.
Өз кезегінде Джорджина Бейкер ынтымақтастық келісіміне қол қою ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестіктің басы болып табылатынын әрі Алматының Орта Азяидағы жетекші мегаполис екеніне тың серпін беретінін айтты.
Бүкіләлемдік банк тобына енетін IFC жеке секторды қолдайтын ірі жаһандық даму институты болып табылады. Қазақстандағы IFC стратегиясы инфрақұрылымды жақсартуға, диверсификация мен экономиканың бәсекелестігін қолдауға, қаржы секторын және ШОБ дамытуға бағытталған. Бұлардан өзге IFC мелекеттік органдарға, корпорацияларға МЖӘ механизмінің пәрменділігін күшейтуге қатысты консультациялық қызмет көрсетеді.