Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 706 бірлігі жұмылдырылды. «Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 43 846 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 16 533, өзге мекемелер 26 507, «Астана көгалдандыру құрылысы» 806 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» ЖШС компаниясының хабарламасында.
16 қазан мен 21 ақпан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 2 118 114 текше метрді құрайды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 380,5, ал 13 қазан мен 18 ақпан аралығында 22 492 текше метрі себілді. 21 қарашадан бүгінге дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 478,16 тоннасы шашылды.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.