Қазақстан • 22 Ақпан, 2019

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1б» тасығыш-зымыраны ұшырылды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 21 ақпанында Астана уақытымен 22 сағат 47 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31 алаңынан «Egyptsat-A» ғарыш аппаратымен «Союз-2.1б» тасығыш-зымыраны ұшырылды. Ұшырылу штатты режимде өтті.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1б» тасығыш-зымыраны ұшырылды

Египттік «Egyptsat-A» Жерді қашықтықтан зондтау спутнигі жоғарғы кеңістіктік рұқсаты бар заманауи оптикалық-электрондық аппаратурамен жабдықталған. Ғарыш аппараты панхроматикалық (қара-ақ) және мультиспектрлік диапазондарда көрінетін және инфрақызыл спектрлерде түсіруді жүргізе алады.   

Ең көп шолу жолағы 1400 километрді құрайды.

«Egyptsat-A» ҒА «С.П. Королев атындағы «Энергия» Ғарыштық-зымырандық корпорациясы» ЖАҚ-мен Египет Араб Республикасы Үкіметінің мүддесінде құрылған. Ұшу сынақтары бағдарламасын орындағаннан кейін спутник Египет тарапына басқаруға берілетін болады.

Спутниктің салмағы бір тоннаға жуық. Ол 500-ден 800 километр биіктіктегі орбитаға шығарылады, онда кемінде 11 жыл жұмыс істеуі тиіс.

Тасығыш-зымыранның ұшу трассасы Байқоңыр ғарыш айлағының солтүстік бағытында, Қазақстан аумағының – Ақтөбе және Қостанай облыстары және Ресейдің Орал өңірі үстінен өтеді.