Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді 

1113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті                      Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы  25 ақпан                           №  849