Спорт • 26 Ақпан, 2019

Елизавета Король нысана көздеуден әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нысана көздеуден Үндістанда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Елизавета Король қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елизавета Король нысана көздеуден әлем кубогінде қола жүлдегер атанды

Ол пневматикалық винтовкамен 50 метрге нысана көздеуден іріктеу кезеңін 8-ші орында аяқтаған болатын. Финалда Король өз нәтижесін жақсартып, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Сондай-ақ, 1171 ұпаймен Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. 

Әлем кубогі кезеңдерінде Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алу мүмкіндігі жоғары екенін естеріңізге саламыз.