«Біз мұғалімдердің жалақысын өсірдік, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсірдік. 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы жалақысы ең аз адамдардың жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырамын» деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемін арттыруды тапсырды.
«Миллионерлерге мемлекеттен тағы көмек берудің қажеті не? Кірісі аз отбасылар арасында 111 мың отбасы ғана атаулы көмек алады екен. Көп балалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуді және мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға, асырушыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға арттыруды тапсырамын» деді Н.Назарбаев.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде 4 баладан көп баласы бар 340 мың отбасы бар. Оларды қолдау үшін 500 миллиард бөлінген.
«Мұндай қолдауды алда да жалғастыру керек. Толық емес көпбалалы отбасыларды қолдау керек. Жұмыспен қамту керек. Қашықтан жасайтын жұмыспен болса да» деді Елбасы.