Қазақстан • 27 Ақпан, 2019

Ауыл жағдайын жақсартуға 90 миллиард теңге бөлінеді

727 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде хабарлады.

Ауыл жағдайын жақсартуға 90 миллиард теңге бөлінеді

«Ауыл – ел бесігі. Сондықтан ауылдарды өсім нүктелеріне айналдыруымыз керек. Әрбір ауылда міндетті түрде жұмыс орны ашылуы керек. Ол үшін  микронесиелер бағдарламасы бар. Ауыл тұрғындарын өз мекендерінде алып қалу үшін оларға жұмыс керек. Бізде бірнеше мамандықты тегін оқыту жүйесі, Жол карталары бар. Мүмкіндіктер мол. Тек нақты жұмыс істеу керек. Баспана мен жол салып, әлеуметтік нысандарды тұрғызып, ШОБ-ты дамыту керек. Ауылдың да өзінің әлеуеті бар. Ол үшін өңдеу өнеркәсібін дамыту керек. Елімізде үлгілі ауылдар жетерлік» деді Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Президент Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды.

«Сонымен бірге, ұсыныстармен қатар осы бағытта қаржыландыру бойынша 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлуді тапсырамын» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, жоғарыдағы шаралар жастардың ауылда қалуына себеп бола алады.

Естеріңізге сала кетсек, съезд жұмысына 2 мыңға жуық адам қатысып жатыр. Олардың 1200-і  еліміздің барлық өңірінен келген делегаттар.