Қазақстан • 27 Ақпан, 2019

Қазақстанның бірқатар университеті сатылымға шығарылды

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігі бірқатар жоғары оқу орнын сатылымға шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бірқатар университеті сатылымға шығарылды

2019 жылғы 7 наурызда аукцион өтеді, бұл ретте бастапқы баға алдын ала жарияланған қадаммен жоғарылайды және ең жоғары баға ұсынған тұлға жеңімпаз деп танылады. Республикалық меншіктегі нысандардың қатарында – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті бар.

Алматы энергетика және байланыс университетінен (33,65%)  басқа университеттердің  35% үлесі сатылмақ.

Сатылатын нысандардың бастапқы бағасы әртүрлі. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 1 711 278 931,00 теңге, ал кепілдік жарна – 75 750 000,00 теңге бағамен қойылады. Өтінімдер 7 наурыз күні таңғы сағат 8-ге дейін, аукцион басталудан  2 сағат бұрын қабылданады. Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 336 396 968,00 теңге, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы - 2 522 061 695,00 теңге, Алматы энергетика және байланыс университеті- 1 401 617 089,00 теңге деп бағаланып отыр. Сондай-ақ су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі 331 060 000,00 теңге бастапқы бағамен саудаға шығарылды. Объект электрондық тендер арқылы сатылады. Онда қатысушылар тізілімнің арнайы бөлінген веб-бетінде жабық электрондық конвертке жүктелетін өзінің баға ұсыныстарын мәлімдейді.