Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 542 бірлігі жұмылдырылды.
«Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 32 188 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 9 224, өзге мекемелер 22 296, «Астана көгалдандыру құрылысы» 668 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» ЖШС-нің хабарламасында.
16 қазан мен 26 ақпан аралығында қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 2 308 137 текше метрді құрайды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 129,5, ал 13 қазан мен 26 ақпан аралығында 23 052,5 текше метрі себілді. 21 қарашадан бүгінге дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 483,73 тоннасы шашылды.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.