Қазақстан • 27 Ақпан, 2019

Елбасы білім саласындағы реформаны логикалық нәтижелерге дейін жеткізу керектігін айтты

965 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде білім саласындағы реформаны да логикалық нәтижелерге дейін жеткізу керектігін айтты.

Елбасы білім саласындағы реформаны логикалық нәтижелерге дейін жеткізу керектігін айтты

«Қазіргі заманғы шындық біздің балаларымызда жаңа дағдылар мен құзыреттерді дамытуды талап етеді. Мен үш тілділік біртіндеп нормаға айналуы тиістігін айтқан едім. Біздің балаларымыз – жаһан балалары. Олар бүкіл әлемдік кеңістікте, үздік жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондықтан қазақ, орыс және халықаралық ағылшын тілін білу маңызды» деді Мемлекет басшысы.

Дегенмен, Елбасы бұл саясатта асығыстық болмау керегін ескертті. «Алдымен педагогтерді дайындап алу қажет. Ағылшын тілін білетін физика, математика және химиядан сабақ беруге қабілетті педагогты оқыту қажет. Ал біздің министрлік ертеңнен бастап-ақ мұғалімдерге сабақ бере бастауды тапсырды. Үш айға курсқа шақырып, оқытасыңдар. Ол дұрыс емес» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әрбір өңірде алдыңғы қатарлы ең азы бір жоғары оқу орны болуы керектігін баса айтты.

«Әрбір өңірде кемінде бір ілгері жоғары оқу орны, яғни мемлекетімізде 17 ЖОО және 10 заманауи колледжден болуы тиіс. Оқу орындарының тиімділігінің басты критерийі – бұл түлектердің жұмысқа орналасуы. Университет түлегі жұмысқа орналасса, бұл - университеттің бағалануы, мамандарының қажет екендігі» деді Елбасы.