Спорт • 27 Ақпан, 2019

Қазақстандық каратэшілер Аустриядағы ірі турнирде бақ сынайды

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1-3 наурыз аралығында Аустрияның Зальцбург қаласында каретэден А сериясындағы Премьер-лига турнирі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық каратэшілер Аустриядағы ірі турнирде бақ сынайды

Жарысқа әлемнің 99 мемлекетінен 2057 спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстаннан жалпы есебі 32 спортшы бақ сынайды. 

Премьер лига мен А сериясының аздаған айырмашылығы бар. Премьер лига турнирінде бір салмақ дәрежесінде 64 спортшыға дейін қатысуға мүмкіндік береді.

Ал А сериясында мұндай шектеу жоқ. Мәселен, 67 келіде ката бойынша 222 спортшы сынға түседі. 

Аустриядағы турнирге Қазақстан командасы Дархан Асаділов пен Дидар Әмірәлі бастап барады.