Ақтау қаласы білім беру ұйымдарында мектеп ішінде есепте барлығы 75 бала тұр. Олардың тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп және мекен-жайы бойынша 69 бала тексеріліп ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысына Ақтау қаласы аумағында орналасқан № 8, № 20 мектептерінің ұстаздар тарапынан ҚР ӘҚБтК-нің 409-бабында көзделген құқық бұзушылық болуына байланысты заңды шешім қабылдау үшін тисті жадығаттар жолданды.
Мектеп мұғалімдері жұмыс барысында жіберген қателіктері үшін, өздерінің басқарып отырған басшысы тарапынан тәртіптік шараға тартылды. Ал осы жедел профилактикалық іс-шара кезінде қала мектептері бойынша 42 жасөспірім сабақты дәлелсіз себептермен жібергендігі анықталды. Алдағы уақытта жасөспірімдердің сабаққа қатысуын зерделеніп, анықтамасы жоқ оқушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығына сәйкес дәлелсіз себептермен жалпы білім беретін оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандар Ақтау қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПБ тізімдік есепке алады.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazagstan»
Маңғыстау облысы